07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 510

300 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

2013 жылғы 22 мамыр,   Астана, Үкімет Үйі

«Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 20, 240-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Ағымдағы жағдайды және даму үрдістерін талдау» деген 2-бөлімде:
«Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту» деген 1-стратегиялық бағытта:
«1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:
«Су көлігі» деген кіші бөлімде:
сегізінші бөліктегі «Ішкі кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 2011 жылдың соңында 4094 км құрады» деген сөйлем алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының транзит-көлік әлеуетін дамыту» деген 2-стратегиялық бағытта:
«1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлімде:
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 700 млрд. АҚШ долларын құрайды, кейбір болжамдар бойынша 2015 жылға қарай аталған көрсеткіш 1 трлн. АҚШ долларына, ал Қазақстан бойынша транзитінен түсетін табыс 2015 жылға қарай шамамен 1,5 млрд. АҚШ долларына жетеді деп болжануда (2007 жылы – 500 млн. АҚШ доллары). Жалпы алғанда Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия – Еуропа бағыттарындағы транзиттік ағымдар шамамен 330 – 400 млрд. АҚШ долларына бағалануда, бұл ретте осы ағымдардың 20 %-ы Қазақстан аумағы арқылы өтуі мүмкін.»;
он алтыншы бөліктегі «2010 жылы Еуропалық Одақ және Қытай Халық Республикасы арасындағы сыртқы сауда көлемі 526 миллиардтан астам АҚШ долларын құрады. Бұл көрсеткіштің 2020 жылға дейін 781 миллиард АҚШ доллары деңгейіне дейін артуы күтілуде.» деген сөйлем алынып тасталсын;
«Мемлекеттік қызметтерді ұсыну, техникалық сүйемелдеу үдерістерін жетілдіру және мемлекет­тік органдардың ақпараттық жүйелерін ықпалдастыру, оның ішінде Кеден одағының ақпараттық инфрақұрылымын дамыту үшін жағдайлар және тетіктер жасау» деген 4-стратегиялық бағытта:
«1. Дамудың негізгі параметрлері» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«Бүгінгі күні ақпараттық технологиялар ақпараттық қоғамды қалыптастыруға арналған маңызды құрал болып табылады, ал мемлекет пен халық қатынастарындағы «жолсерік» «электрондық үкімет» болып отыр.
Осыған байланысты мемлекеттік органдарда АТ-ны қолдану бірінші кезекте халыққа және бизнеске электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуге, мемлекеттік органдардың ашықтығын және есептілігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Қазіргі уақытта халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызметтер ұсынудың жай-күйі мынадай деректермен сипатталады:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдар интернет-ресурстар арқылы халыққа және бизнеске интерактивті қызметтер көрсетеді (басшылар блогы, элекрондық мемлекеттік сатып алу, интерактивтік сауал және т.б.) және транзакциялық қызметтер көрсетуге ауысуды жүзеге асырады;
2) «электрондық үкімет» инфрақұрылымы құрылды, оның шеңберінде өнеркәсіптік пайдалануға 20 АT-ден астам жоба енгізілген;
3) әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді, 92 лицензияны және 80 рұқсат беру құжатын оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленіп бекітілген;
4) «электрондық үкімет» сәулетін құру және эталондық үлгілерді әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қызметтің 15 бағыты бойынша эталондық үлгілерді толтыру жүргізілді (білім беру, денсаулық сақтау, көлік және коммуникация, байланыс және пошта қызметтері, халықаралық қатынастар, мәдениет, қоршаған ортаны қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, табиғи ресурстар, азаматтық, көші-қон және көшіп келу, әділет, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, халықты әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналастыру және халықтың жұмыспен қамтылуы).
5) «Е-лицензиялау» (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДҚ) ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. 2012 жылы аталған жүйе барлық мемлекеттік органдарда – лицензиарларда енгізілді. 2012 жылдың қорытын дысы бойынша «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы қалыптастырылған лицензиялар саны 19 740 электрондық лицензияны құрады.
Қазіргі күннің өзінде мүдделі мемлекеттік органдардың толығымен «ақпараттық қоғам» үшін «электрондық үкіметті» қалыптастыруға бағытталған бірлескен жұмысы нәтижесі бойынша («Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес) «электрондық үкімет» инфрақұрылымымен электрондық түрде 317 астам интерактивті және транзакциялық қызметтер, оның ішінде 156 астам электрондық қызмет, 81 электрондық лицензия және 80 рұқсат беру құжаттары ұсынылады. «Электрондық үкімет» порталының қызметтер санына 90 астам электрондық қызметтер, 21 қосымша сервистер, мемлекеттік 20 алым түрлері, мемлекеттік баждың 17 түрлері, салық төлемдерінің 4 түрі, сондай-ақ Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар және коммуналдық қызметтің 3 түрін төлеу кіреді. Бұдан басқа, ақпараттық сипаттағы қызметтер де қолжетімді.
2012 жылы Қазақстанның қалалары мен аудандарында «электрондық үкімет» және «электрондық қызметтер» тақырыбы бойынша оқыту семинарлары өткізілді. 64 475 адам оқытылды. Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларының сауда орталықтарында халыққа консультациялық қолдау көрсетілді, орташа алғанда 19 276 адамға консультация берілді;
6) орталық мемлекеттік органдардың құжаттарын қағаз тасығышта қайталамай электрондық құжат айналымына көшіру бойынша жұмыстар жүргізілуде;
7) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы азаматтардың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшыларына электрондық өтініш беру жүйесі құрылды;
8) электрондық әкімдіктерді дамыту шеңберінде әкімдіктер көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мүмкіндігімен «Электрондық үкіметтің» өңірлік шлюзі» жобасы жүзеге асырылған, оның ішінде 4 қызмет «электрондық үкімет» порталында көрсетіледі.
Бүгінгі күнге халыққа қызмет көрсету орталықтарының (бұдан – ХҚО) жұмысын жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқарылды.
ХҚО жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған қажетті нормативтік база құрылды, халыққа және бизнеске қызмет көрсету жөніндегі рәсім жеңілдетілді, сыбайлас жемқорлық деңгейінің азайю үрдісі байқалады.
Қазіргі уақытта ХҚО-да 113 мемлекеттік қызмет көрсетілуде. Бүгінгі күні ХҚО-ға ұсыну кезінде құжаттардың 19 түрі алып тасталған: неғұрлым жиі сұратылатын, мысалы, азаматтың жеке куәлігінің көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, некеге тұру туралы куәліктің көшірмесі, некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі, бала некесіз туылған жағдайда № 4 нысан бойынша анықтама, жылжымайтын мүлікке құқық белгілеуші құжаттардың көшірмесі, мүгедектік туралы анықтама, зейнеткер куәлігінің көшірмесі және т.б.
Тұрақты негізде ХҚО қызметкерлерінің біліктілік деңгейін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде.
ХҚО қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде ХҚО қызметкерлерін аттестаттау жүргізілді. Барлығы 8 700 қызметкер, олардың ішінде 5 019-ы аттестатталды, 3919 қызметкер немесе 78% аттестаттаудан өтті, өтпегендері – 1100 қызметкер.
ХҚО-ның ұсынылатын қызметтер сапасы және халыққа кері байланысты қамтамасыз ету бөлігіндегі қызметін мониторингілеу мақсатында Ахуал орталығы (бұдан әрі – орталық) құрылды және ойдағыдай жұмыс істеуде. 161 ХҚО-да орнатылған камералар арқылы Орталық on-line режимінде қызметке бейне-мониторинг жүргізеді, ол өз кезегінде жұмыс процесіндегі кемшіліктерге шұғыл әрекет етеді, сыбайлас жемқорлық көріністерін бақылауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Орталықтың жұмыс істеуі орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының азаматтарды қабылдауын жүргізеді, ведомстволық бағынысты мекемелермен бейне-конференциялар мен кеңестер өткізуге, барлық өңірлердегі ХҚО қызметкерлерін қашықтықтан оқытуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ахуал орталығы арқасында ХҚО кінәсінен 20 минуттан артық күту уақыты 92 % қысқартылды, ХҚО кінәсінен 20 минуттан артық құжаттарды ресімдеу уақыты 17 % қысқартылды, «нашар» баға 44 % қысқартылды.
Бүгінгі күні 252 ХҚО жаңғыртылған. Еліміз бойынша барлық ХҚО-да қазірдің өзінде азаматтарға кедергісіз қызмет көрсету қағидаты енгізілген. ХҚО-ны жаңғырту кезінде жаңа бизнес-үрдістер, мониторинг және мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау іске асырылуда, азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жа

Соңғы жаңалықтар