07 Қыркүйек, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 542

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2013 жылғы 29 мамыр, Астана, Үкімет Үйі

«Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекет­тік үлестеріне кірістер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақта:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) білім беру қызметін жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы 2010 - 2012 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізуді жүзеге асыратын, акцияларының жүз пайызы мемлекет меншігіндегі «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 2010 - 2011 жылдардың қорытындылары бойынша акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер төлеуден босатылады деп белгіленсін.»;
2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамының материалдық-техникалық базасын дамытуға алынған таза табысты тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»:
мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:
«2-3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтерді төлегеннен кейін «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының иелігінде қалатын есепті жылдың қорытындылары бойынша алынған таза кірістің бір бөлігін оның материалдық-техникалық базасын дамытуға тиімді пайдалануға қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.»;
3-тармақта «3-1» деген сан алынып тасталсын;
көрсетілген қаулыға 3-1-қосымша алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі           С.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар