Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қызылордада бүгіннен бастап қоғамдық көлік жүрмейді

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус инфекциясының таралуын тежеу үшін бүгіннен бастап облыс орталығында қоғамдық көлік қозғалысына толық тыйым салынады.

Қызылордада бүгіннен бастап қоғамдық көлік жүрмейді

Қызылорда қалалық бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жанар Жетілгенованің айтуынша бұл арнайы қаулы негізінде қабылданып отырған шешім.  Қаулыда мемлекеттік ұйымдар, барлық мекемелер және кәсіпкерлік нысандар қызметкерлерінің 80 пайыздан астамының қашықтан жұмыс істеу жүйесіне көшуі керектігі көрсетілген. Ал қалған қызметкерлерді жұмыс беруші мекеме көлігімен тасымалдағаны жөн.

Қаласы әкімінің орынбасары Бектас Нұридинов бұл шешім азаматтардың қауіпсіздігі үшін қолға алынып отырғанын жеткізді.

 Қазір облыс бойынша вирус жұқтырған 119 адам емделіп жатыр. Оның 12-сі облыс орталығынан. Қала әкімдігі өкілдерінің айтуынша қоғамдық көлік қызметіне тыйым карантин мерзімі біткенше созылуы мүмкін.