Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Колутонның қарғын суы қауіп төндіріп тұр

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетаудан Астрахан ауданына қарғын судан адамдарды құтқару үшін арнайы топ аттанды.

Колутонның  қарғын суы қауіп төндіріп тұр

Егер қарғын су адам өміріне қауіп төндірсе, құтқарушылар ауыл тұрғындарын  көшірмек. Қазір облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдардың бар күші Старый Колутон елді мекеніне қарғын суды кіргізбеуге жұмылдырылуда. Соңғы тәуліктерде Колутон өзеніндегі су мөлшері күрт көбейді. Сол себепті елді мекенді басып қалу қаупі туындап тұр.

Ауыл іргесінен 500 текше метрге жуық су сорылып, тұрғын үйлердің маңайы құм толтырылған қаптармен қоршалды. Сәуірдің 10-11 күндері Колутон өзенінің бойындағы 15 жерде кептелген сең жарылды.  Егер қызыл  су елді мекенге ене қалса, адамдарды уақытша паналату үшін ауылдағы орта мектепті дайындап қойған, оған қоса Ковыленка және Жалтыр елді мекендеріндегі мектептер де жабдықталуда.

Оқыс оқиға  туралы Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Қанат Доспаев хабарлады. Оның айтуынша, департамент қызметкерлері тас-түйін дайын отыр. Тасқын сумен күресуге қажетті құрал-жабдықтардың барлығы бар.

2019 жылы Старый Колутон елді мекенін қарғын су басып қалып, біраз уақыт қатынас үзілген болатын. 

 

Ақмола облысы