Қазақстан • 14 Сәуір, 2020

Қазақстан Қытай елшісіне наразылық білдірді

2592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Сыртқы істер министірлігінде Қытай Елшісімен кездесу өтті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Қытай елшісіне наразылық білдірді

Қазақстандық тарап қытайлық www.sohu.com сайтындағы «Қазақстан неге Қытайға оралуға тырысады» атты мақалаға қатысты наразылық білдірді.

Қытай Елшісіне мұндай сипаттағы мақаланың жариялануы 2019 жылғы 11 қыркүйекте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесінде айқындалған мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухына сәйкес келмейтіндігі атап өтілді. Тараптар ақпарат тарату және БАҚ саласында тығыз өзара ықпалдасуға келісті.

Сондай-ақ, ҚР-дың Пекиндегі Елшілігі ҚХР Сыртқы істер министрлігіне тиісті нота жолдады.