Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Қызылорда: Инфекциядан екінші адам айықты

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін  www.coronavirus2020.kz елімізде тағы 4 адамның аурудан айыққандығы жөнінде хабарлады. Олардың біреуі – қызылордалық.

Қызылорда: Инфекциядан екінші адам айықты

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша емі толық аяқталған науқастан 2 рет тест сынамасы алынды. Осы арқылы оның дерттен айыққаны анықталып, емделуші үйіне шығарылған.

Бүгін отбасына оралған қала тұрғыны 14 күн бойы аймақтық дәрігерлердің бақылауында болады.

Соңғы жаңалықтар

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Экономика • Бүгін, 16:00