Аймақтар • 14 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда айлық жол жүру тарифтері келесі айға ауыстырылады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қоғамдық көліктегі айлық жол жүру тарифтері келесі айға жарамды болады. 

Нұр-Сұлтанда айлық жол жүру тарифтері келесі айға ауыстырылады

Сәуір айында қоғамдық көліктің пайдаланушылары 815 жол жүру тарифін сатып алды. Карантин енгізілгенге дейін ай сайын 25 мың болатын.

«Жолаушылардың қаржысы «күйіп» кетпейді. Тарифтер автоматты түрде көлік карталарына ауыстырылады. Көптеген заңды тұлғалар өз  қызметкерлері үшін ай сайын жол жүру тарифін сатып алатын. Карантиндік шаралардың күшейтілуіне байланысты, біз көптеген ұйымдарға тарифті сәуір айына алмауға кеңес бердік. Тіпті, кейбір мекемелердің өтінішін қабылдамадық», ̶ деді «City Transportation Systems» компаниясының Басқарушы директоры Дәурен Нұралиев.

Сол себепті, осы айдың соңында жолаушылардың көлік карталарына тарифтер қайта жүктеледі. Жол жүру тарифін Transcard мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады.

Жүктеу үшін:

  • Android: https://clck.ru/MiW2i
  • iOS: https://clck.ru/MiW8k.

Естеріңізге сала кетейік, 28 наурыздан бастап қосымша тарифтер өз күшіне енбек.