– «Теңізшевройл» мердігер кәсіпорындармен және мемлекеттік органдармен бірге «Теңіз» кен орнынан тікелей өндіріске қатысты емес персоналды шығаруды жалғастырып жатыр. Алдағы бірнеше аптада өндірістік қызметінің ауқымын да, жұмысшылар санын да кезең-кезеңмен азайту жоспарланып отыр. Бұл базалық өндірістік құрылымды да, Келешек кеңею жобасын да қамтиды. Базалық өндіріске қатысты барлық құрылыс жұмысы уақытша тоқтайды. Ал, Келешек кеңею жобасында тек маңызды жұмыстар атқарыла береді, -деді Рзабек Артығалиев.
Оның айтуынша, қазір кен орнынан Атырау облысының 700-ге жуық тұрғыны шығарылған. Жұмысшыларды кен орнынан шығару алдағы 3-4 аптада да жүргізу көзделіпті.
–Жұмысы тоқтатылған мердігер кәсіпорындарға жұмысшылардың бос мезгілдегі жалақысын сақтау жөнінде кеңес берілді. Алайда, өтемақыға қатысты мәселенің бәрі ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қаралуы тиіс, -деді «Теңізшевройл» ЖШС-нің үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімнің бас менеджері Рзабек Артығалиев.
Жұмасат ҒАЗИЗ