Əсіресе британдық суретшінің «Шар ұстаған қыз» (Girl With Balloon) картинасының екі түрлі нұсқасы сауда лотының көркін қыздырды. Қызғылт түсті нұсқасы 375 мың фунт стерлингке бағаланса, алқызыл жұмысы 106 мың фунт стерлингке саудаланды. Сондай-ақ аукционға Бэнксидің «Қарақшы егеуқұйрық» (Gangsta Rat), «10 фунт Диананың келбетімен» (Di-Faced Tenners) және «Мешін ханшайымы» (Monkey Queen) жұмысы қойылды.
Бұл жолы сауда үйіне келгендердің 47% - ы жаңа қатысушылар болған. Мамандар мұны пандемияның салдарынан адамдардың үйде оқшауланып,
онлайн-аукциондарға ден қоюуымен байланыстырады. Осыған дейін Британ аралындағы Бристоль шаһарында тұрғындар ғимараттардың бірінде стрит-арт саңлағының тың туындысына қаныққан еді. Бэнкси - заманауи өнер əлемінде өзінің қайталанбас қолтаңбасымен танымал. Бүгінде оның концептуалды туындыларына сұраныс жоғары. Суретшінің нақты есімі мен түр-əлпеті əлі күнге дейін белгісіз. Жұмыстарының құнды болуының сыры біржағынан осында жатса керек.