Медицина • 15 Сәуір, 2020

Қолдау көретінімізге күмән болған жоқ

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Медицина саласында қызмет еткеніме үш жылға жуықтады. Қазір жұмысымыз қарбалас. Жеке қорғаныс киімдерімен толық қамтамасыз етті. Мен 2-топтағы қауіптілігі жоғары ме­дицина қызметкерлерінің қатар­ындамын. Сыйақыны толық алдым. Коронавирус індеті­мен күресуге жұмылды­рыл­ған әріптестерім де үстеме­ақыларына қол жеткізді. Әрине мұны ешкім күткен жоқ, бірақ мемлекет тарапынан қолдау болатынына сендім.

Қолдау көретінімізге күмән болған жоқ

Коронавируспен күре­суге үлесін қосып жатқан фельд­­шерлер мен жүргізуші­лердің еңбегін бағалап, осындай жауап­ты сәтте қолдау көрсеткен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев­қа шексіз алғысымды айта­мын. Бұл жұмыс істеуге деген ынта-жігерімді арттырды. Біз одан әрі осы індетпен күре­суге бар күшімізді салуға және үле­сімізді қосуға дайынбыз.

 

Жандос ЗАҒЫПАР,

Солтүстік Қазақстан облыстық жедел медициналық жәрдем фельдшері