Ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге көмек ретінде дүйсенбі күні облыс әкімдіктерімен кеңес өткізіп, облыстарды өзара азық-түлік қоры туралы ақпаратпен алмасып, жетіспеушілік байқалған аймақтарға өнімнің артықшылығы бар өңірлерден тауар алмасуға шақырды.
Нәтижесінде республиканың барлық облыстарының жергілікті атқарушы органдары жақын арада Оңтүстік Қазақстан облысынан 50 мың тонна ерте шығатын орамжапырақты сатып алуға дайын екендіктерін хабарлады.
Сонымен қатар Ауыл шаруашылығы министрлігі өнімді экспорттау үшін қажетті фитосанитариялық сертификаттарды жедел түрде беруде. Енді фермерлер қалған 250 мың тонна өнімді Ресей Федерациясына еш кедергісіз сата алады.
Бүгінгі таңда Шымкент және Түркістан облыстары бойынша, 14 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері – 4 мың тоннаға жуық орамжапырақ үшін 204 фитосанитариялық сертификат алды.
Тез бұзылатын өнімдерді кедергісіз тасымалдау үшін фермерлердің автокөліктеріне «#BizBirgemiz Түркістан облысының азық-түлік өнімдері» деген жазбамен логотип жабыстырылады. Мұндай жапсырмалар фитосанитариялық және карантиндік сертификаттармен бірге берілетін болады.