Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білікті құқықтанушылар әлеуметтік жәрдемақы алу, азаматтық құқықтар бойынша сауалдарға жауап береді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нұр-Сұлтан қаласының Заң кеңесшілер палатасы тегін онлайн көмек көрсетуде

Карантин кезінде Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер палатасы заңгерлік әлеуметтік көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұдан былай тұрғындар Telegram мессенджерінде көпшілік чат арқылы онлайн-форматта құқықтық кеңес ала алады.

«Біздің заңгерлеріміз сұрақтарға жауап береді және барлық сауал иелеріне 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік жәрдемақы ресімдеу, карантин кезінде кәсібін жүргізу, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, сондай-ақ отбасылық, еңбек, салық дауларына қатысты, т.б. өзекті мәселелер бойынша заңнамалық көмек көрсетеді. Барлық қызметтер тегін және тәулік бойы қолжетімді. Аталған қызметті заңгер көмегіне мұқтаж адамдарға хабарландыруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз» делінген Палата хабарламасында.

Нұр-Сұлтан Заң кеңесшілер Палатасының Telegram-дағы тобы: https://t.me/astanazanger

2018 жылдан бері Нұр-Сұлтан Заң Кеңесшілер Палатасы 2,5 мыңнан астам адамға тегін заңгерлік көмек көрсетті.