- Шиелі мен Сырдария ауданынан тіркелген 4 науқас бұрын науқастармен қарым-қатынаста болғандар ретінде карантинге жатқызылғандар арасынан анықталды. Ал Жаңақорған ауданындағы жаңа ошақ болып отыр. Қазір онда тиісті жұмыстар жасалуда, – деді облыстың бас дәрігері.
Жаңадан тіркеліп отырған науқастар 26 мен 61 жас аралығындағы өңір тұрғындары. Екеуі ер адам, үшеуі әйел.
Жалпы облыста вирус жұқтырғандар саны осымен 124 болып отыр. Олардың екеуі емделіп шықты, бірақ белгілі бір мерзімге дейін дәрігерлер бақылауында болады.