Қазақстан • 15 Сәуір, 2020

Қазақстанда қаңтар-ақпанда 150 мыңға жуық көлік тіркелген

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде 149938 жеңіл автомобиль тіркелген. Бұл туралы Статистика комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанда қаңтар-ақпанда 150 мыңға жуық көлік тіркелген

Бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 2,5%-ға кем. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3862,7 мың бірлікті құрады.

Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда 2666 адам зардап шеккен 1893 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 6,1%-ға ұлғайды.

2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 5,4 млрд теңге сомасына 13618 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.