Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Маңғыстау: Аймақ басшысы жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемеақы бөлетін болды

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовтың шешімімен аймақтағы жедел-жәрдем қызметінің барлық 633 қызметкеріне 2 айлық жалақы мөлшерінде үстемақы берілетін болды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.

Маңғыстау: Аймақ басшысы жедел-жәрдем қызметкерлеріне қосымша үстемеақы бөлетін болды

Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 78 миллион теңге бөлінді. Қазір облыста барлық шақыртуларға 46 жедел-жәрдем бригадасы жұмылдырылған. Еңбекақысына қосымша бұл қаржы жедел-жәрдем қызметкерлерінің осыған дейін мемлекет тарапынан үстемақы алған, алмағанына қарамастан барлығына бірдей беріледі.

-Қауіпті індетпен күресуде тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін жедел-жәрдем қызметіндегі дәрігерлер, фельдшерлер, санитар қызметкерлер мен жүргізушілердің еңбегі ерен. Дәрігерлерге облыс халқының атынан алғысымды айтамын, деді облыс әкімі С.Трұмов.