Спорт • 15 Сәуір, 2020

UFC турнирі 9 мамырда өтеді

153 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Миллиондаған жанкүйер тағатсыздана күтіп отырған ережесіз жекпе-жектен UFC 249 турнирі 9 мамырда өтеді деп жоспарлануда. Алайда оның қай жерде ұйымдастырылатыны әзірге белгісіз.

UFC турнирі 9 мамырда өтеді

Осы жарыстың басты бәсекесінде жеңіл салмақтағы АҚШ-тың қос саңлағы Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжидің күш сынасатыны белгілі. Екеуінің де жүріп өткен жолы жарқын жеңістерге толды. 36 жастағы Калифорния штатының тумасы Тони 28 кездесудің тек үшеуінде ғана ұтылды. Соңғы рет ол 2012 жылдың көктемінде жеңілістің кермек дәмін татты. Сол кезден бері Фергюсон шашасына шаң жұқтырмай келеді.

Ал 31 жастағы Джастин Аризона штатында дүниеге келді. 23 рет октагонға шыққан ол 21 рет үстемдік танытты. 2017 және 2018 жылдары Гэтжи қатарынан екі рет өз қарсыластарына есе жіберген еді. Содан кейінгі үш кездесуді өз пайдасынан шешті. Осы жекпе-жекте жеңіске жеткен спортшы «уақытша чемпион» атағын иеленеді. 

Сонымен қатар UFC 249 турнирінің толық карты жарияланды. Бұл бәсекелер мына спортшылар арасында өтеді:    

Генри Сехудо – Доминик Круз;

Аманда Нуньес – Фелисия Спенсер;

Фрэнсис Нганну – Жаирзиньо Розенстрайк;

Джереми Стивенс – Кэлвин Каттар;

Дональд Ковбой Серроне – Энтони Петтис;

Грег Харди – Йорган де Кастро;

Алексей Олейник – Фабрисио Вердум;

Карла Эспарза – Мишель Уотерсон;

Роналдо Соуза – Юрайя Холл;

Висент Луке – Нико Прайс;


Карол Роза – Брайс Митчелл.