08 Қыркүйек, 2013

Ұлағат

275 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Улагат макаласына фотоКөкейіне кішкентайынан көп жайтты түйіп өскен бала кейін келе кез келген дүниеге ойлы көзбен қарайтын азамат болатыны мәлім. Ой-санасының жетілуіне, қалыптасуына өскен орта мен әлеуметтік мәселенің ықпал ететіні де рас. Осыдан сексен жыл бұрын жарық дүниенің есігін ашқан Тұрар Қойшығараұлы Көкеевтің өмір жолы сан тарау. Өйткені, балалық шағы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарына дөп келеді. Әкесі Қойшығара соғыстың алғашқы күндері-ақ армия қатарына шақырылады. Азапты да азалы күндердің салмағы тым ауыр болатын. Бұғанасы бекімеген жас та, маңдайымен жер тіреген кәрі де өз бетінше талпынбаса, қайран жоқ еді. Халық жаппай жанкештілікпен еңбекке жегілді. Анасы Зибагүл екеуі жан сақтап, күнелту үшін 9 жасар қаршадай Тұрар ауылдың жекеменшік уақ малын бағуға мәжбүр болды.

Ай аралатып ауылға қара қағаз келетін. Бала көңілі күп­ті, әкесін ойлап, жанын шү­берекке түйіп жүретін. Соғыс аяқталуға жақындағанда көке­­сі ауыр жарақаттанып, елге мүгедек болып оралады. Бір қуанарлығы – кеудесінде жаны бар, тірі.

Осындай қиыншылық жағ­дайға қарамай Тұрар ауыл­дағы орталау мектепті үздік бітіріп, Жамбыл қаласындағы медучилищеге келіп түседі. Сөйтіп, белгілі ғалым-хирург, жоғары мәртебелі ұстаз, Талас өлкесінен ғылым жолына түс­кен алғашқы түлектердің бірі – Тұрар Көкеевтің үлкен өмірдегі алғашқы қадамы осылай басталады.

Дәрігерлік мамандықты таңдауына ең басты себепкер болған – әкесінің жаны қина­лып жатқанда айтқан бір ауыз сөзі еді. «Балам, дәрігерлік оқуға түсуге тырыс». Бұл оның есінде әр кез жаңғырып жүрді.

Сонымен, Тұрар Көкеев медучилищені қызыл дипломмен бітіріп, Қазақ мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетінің студенті атанады.

Студенттердің лидері, үз­дік стипендиат, комсомол коми­тетінің хатшысы Тұрар Көкеев институтты да қызыл дипломмен бітіріп, кіндік қаны тамған Талас аудандық ауруханасына жолдамамен келіп, жұмысқа кірісіп кетеді. Жас әрі білікті маман тыным таппайтын ізденімпаздығы абыройға бөлейді.

Көп ұзамай институтты үздік бітірген Тұрарды өзі тү­леп ұшқан институты ұлттық ғылыми кадрлар дайындау жоспары бойынша хирургия аспирантурасына шақырды. Қабылдау емтиханын жақсы тапсырған Тұрекең белгілі ғалым, профессор Михаил Иванович Брякинге шәкірт болып шыға келеді.

Мінезі қатал, түсі суық, «екі айтпайтын», «күлмес хан» аталып кеткен ұстазы Михаил Брякиннің «тепкісіне» шыдай алмай жас дәрігерлердің клиниканы тастап кеткендері де болатын. Бірақ, оның әділеттілігі, өте жоғары деңгейдегі ұс­таз­дық қабілеті, өзінің шәкірт­терін жәбірлеттірмеуге бар күшін салатын абзал қасиеті шыдасаң шыңдайтын. Осын­дай қиыншылықтарға төзіп, қамқоршысының көңілінен шығу шәкірті Тұрарға оңай бола қойған жоқ. Ұстаздың қойған талаптарын асыра орындап, ол кісінің жасаған ең күрделі операциясына бірінші ассис­тент болу; алқалы жиындарда, конференцияларда қасынан қалдырмай алып жүруі, өзі оқитын дәрістерді, жүргізетін семинарларды тек талапкерге тапсыруы, об­лыс­тарға қан тамырларына күрделі операция­лар жасауға Тұрарды жіберіп отыруы; өзі зейнетке шығарда басқа профессорлардың барына қа­ра­мастан орнына, кафедра меңгерушілігіне жас шәкірті Көкеевті қалдыруы – айтулы ғалымның ақиқаттан аттамайтынын көрсетсе керек.

Міне, бүгін Тұрекең ақ халат киіп өзін медиктер қауы­мының қатарындамын деп есептейтініне 64 жыл болса, жоғары мектеп ұстаз