Сотқа жүгінуші ұйымның айтуына қарағанда, жаһанда 60 мың адамның ажал құшуына себеп болған коронавирустың таралуына Қытай елі кінәлі. Онымен қоймай осы мемлекеттің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Зао Лижиа өз еліндегі жауапсыздықты жаба тоқу мақсатында «індет Ухан қаласына АҚШ армиясының әскері арқылы әкелінді» деп қисынсыз мәлімдеме жасады. Басқаны былай қойғанда, аталмыш мемлекет 2019 жылдың 31 желтоқсаны күні ДДСҰ-на «бұл вирус жұқпалы емес» деп жалған мәлімет берумен қатар, дәрігер Ли Вэн Лянь «аса қатерлі індет пайда болды» деп жар салғанда оны елеп-ескермеді.
Тіпті South China Morning Post ақпарат агенттігі таратқан мәліметке қарағанда, өткен жылдың аяғы 27 желтоқсан күні коронавирус Қытайда тіркеліп, 200 адам ауырып жатқан екен. Оны ешкімге айтпай жасырды.
Жоғарыда айтылған дүниелерді дәлелді ретінде ұстанған ұлыбританиялық ұйым Қытай елін халықаралық адам құқығын сақтау ұйымдары мен Арбитр сотына тартуды жөн көріпті.