Қоғам • 15 Сәуір, 2020

«Хабар» агенттігі Ардагер ерлігі атты жоба ұсынады

190 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

9 мамыр қарсаңында «Хабар» агенттігі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін тағы бір мәрте еске алуға мүмкіндік сыйлайды. Арнайы жоба аясында азаматтарымыз  Ұлы Отан соғысына қатысқан жақынының ерлік жолы туралы айтып бере алады.

«Хабар» агенттігі Ардагер ерлігі атты жоба ұсынады

Жобаға қатысу үшін әлеуметтік желілерде өз отбасыңыздың тарихы мен суреттерін #ВашиПодвигиНеЗабыты, #АрдагерЕрлігі, #ХабарПомнит  хештегі мен «Хабар» Агенттігін (@khabartv) белгілеуіңіз қажет. Ең жүрекжарды естеліктер «Хабар» арнасының эфирінде көрсетіліп, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған бейнероликке енеді. 

«Жылдар өте сол қан майданның көзін көрген, тірі кәугерлердің қатары сиреп барады, бірақ ардагерлердің ерлігі қашан да біздің жадымызда. Біз батырларымызды құрмет тұтып, оларды жаһанға жария етуден жалықпаймыз. Оларға бүгінгі бейбіт өміріміз  бен ашық аспанымыз үшін шын жүректен алғыс білдіреміз», - дейді ұйымдастырушылар.