Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

COVID-19: Туристерге арналған демалыс орны

577 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мальдив аралында коронавирус тасымалдаушысы болып табылатын туристерге арналған алғашқы курорт ашылды.

COVID-19: Туристерге арналған демалыс орны

Мальдив үкіметі және South China Morning Post мәліметтеріне сүйенген Туроператорлар қауымдастығының мәліметінше, Виливрау аралында Мали астанасынан 24 шақырымда орналасқан қонақ үй 10 күн ішінде тұрғызылған. 

Ел үкіметі есебінен қаржыланатын жоба аясында luxury үлгісінде қызмет көрсетіледі.  Қонақ үйде шамамен 30 бөлме бар. Қонақ үй тұрғындарына қолайлы жағдайлар жасалып, бөлмелерде желдеткіш және арнайы ауа тазартатын қондырғылар, теледидар және шағын бар орналасқан. Мұндағы тәртіп бойынша әркім өз бөлмесінде тамақтанады. Олардың бір-бірімен байланысына және басқа адамдарды қабылдауына тыйым салынған.