Аймақтар • 15 Сәуір, 2020

Алматыда Қазақстанның заң қоғамдастығының жұмыс кездесуі өтті

124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстанның заң қоғамдастығы өкілдерімен жұмыс кездесуін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты  –  жергілікті заңгерлермен өзара іс-қимылды нығайту, сонымен қатар АХҚО-ның қызметіне қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін пікірсайыс алаңын құру.

Алматыда Қазақстанның заң қоғамдастығының жұмыс  кездесуі өтті

Жұмыстық кездесу Baker McKenzie серіктесі А. Коробейникова,  «KazBar» Заң консультанттары палатасының төрағасы Ж.Елубаева сияқты жетекші заң фирмаларының басшыларын бір алаңға жинады. АХҚО тарапынан шараға АХҚО Құқық академиясының мүшесі И. Рогов, АХҚО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары М. Әйтенов және АХҚО Биржасының өкілі қатысты, деп хабарлайды Баспасөз қызметі.

Кездесуге қатысушыларға АХҚО-ның ағымдағы жетістіктері мен 2020 жылға жоспарлары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, АХҚО-ның юрисдикциясы мен оны қолдануға қатысты практикалық мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, АХҚО құқықтық жүйесіндегі жұмыстың ерекшеліктері, мемлекеттік компаниялардың Халықаралық төрелік орталығындағы сот процестеріне қатысу мүмкіндіктері, АХҚО-да бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді реттеу және т.б. мәселелер талқыға түсті.

Кездесуде қатысушылар ақпаратпен және АХҚО жұмыс тәжірибесімен алмасты, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарына жауаптар алды. Бұл кездесу өзі кезегінде АХҚО мен Қазақстанның заң қауымдастығы арасындағы өзара тиімді қатынастардың дамуына жаңа серпін береді.

 

 

АЛМАТЫ