Тарифтік квоталар көлемдерін бөлуге қатысу үшін қажетті құжаттар:
- сиыр еті бойынша тарифтік квоталардың қажет етілетін көлемін көрсете отырып, сондай-ақ дайын тауардың әрбір түрі бойынша дайын өнімді өндіру кезінде пайдаланылған шикізат көлемінде сиыр етінің үлесін көрсете отырып жоғырыда көрсетілген Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім;
- кәсіпорынның (дара кәсіпкерлер үшін – өнеркәсіптік өнім өндіріс (дайындау) объектісінің есеп нөмірін тіркеу туралы (растау) анықтамасы) алдыңғы толық жыл үшін құжатты қабылдау туралы статистика органының белгісімен өнімді өндіру және жөнелту туралы статистика органдарына есебінің нотариатта куәландырылған көшірмесі.
2020 жылдың 1 мамырынан 1 маусымға (қоса алғанда) дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 30 «Қазақстан Республикасына еттің кейбір түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемдерін сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында бөлу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес қайта өңдеушілерге 2020 жылға сиыр етін әкелуге (9 240 тонна) бөлінген тарифтік квота көлемін бөлуге қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың басталғанын жариялайды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бурабайдағы Мультимедиалық интерактивті кешенге келушілер көп
Аймақтар • Бүгін, 01:26
Аяз, көктайғақ: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 00:16
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Спорт • Кеше
Алматы облысының меншігіне 86 мың га жер қайтарылды
Аймақтар • Кеше