Коронавирус • 15 Сәуір, 2020

Вирустың жануарлардан қандай жолмен жұғатыны анықталды

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Калифорния университетінің ғалымдары адамдарға жануарлар вирусының ауыл шаруашылығы жұмыстары кезінде және аң аулау маусымында көптеп жұғатынын анықтаған.

Вирустың жануарлардан қандай жолмен жұғатыны анықталды

Адамдарға жануарлардан вирустың жұғуы тосын жаңалық емес. Жәндіктерден де вирус жұқтыру деректері жиі кездеседі. Көп жағдайда мұндай инфекциялар адамнан адамға жұқпайтындықтан, деректер назардан тыс қалып жатады. Бұл жолы ғалымдар жануарлар адамға қаншалықты жақын маңда өмір сүрсе, вирус жұқтыру салдары соншалықты жиі кездесетіндігін алға тартады.

Зерттеулерден мәлім болғанындай, жануарлардың 11,4% вирус тасымалдаушы болып табылады әрі ол адамға жұғады. Олардың 50%  үйге тән жануарлар болып табылса, оның ішінде ауыл шаруашылығына тиесілі жануарлар да кездеседі. Сондықтан да ғалымдар адамға жұғатын вирустарға абай болуға шақыра отырып,  үй жануарларын жабайы жануарлардан алшақ маңдарда ұстауға шақырады.