Қоғам • 15 Сәуір, 2020

Балалар COVID-19 вирусымен қалай күреседі?

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Гуманитарлық салада жұмыс істейтін 50-ден астам ұйымның, соның ішінде ДДСҰ, БҰҰ балалар қорының, БҰҰ Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары Кеңесінің, Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай халықаралық ұйымдарының және «Балаларды құтқару» федерациясының ынтымақтастығы «Сіз менің кейіпкерімсіз: балалар COVID-19 қалай күреседі» кітабын жарыққа шығарды.  

Балалар COVID-19 вирусымен қалай күреседі?

Кітапта Арио атты фантастикалық кейіпкер баланың, сондай-ақ оның отбасын, достарын коронавирустан қалай қорғай алатындығы және де өзгермелі ортада алаңдаушылықтан қалай арылуға болатындығы туралы айтылады.

Кітап негізінен 6 мен 11 жас аралығындағы балаларға арналған. Төтенше жағдайлар кезіндегі психикалық денсаулық және психоәлеуметтік қолдау жөніндегі ведомствоаралық тұрақты комитеттің жобалық топ құрамында - БҰҰ агенттіктері, халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық институттар арасындағы ынтымақтастық жолға қойылған.

Жобаның барысында әлемнің әртүрлі елінен 1700-ден астам балаға, ата-аналарға, тәрбиешілер мен мұғалімдерге олардың COVID-19 пандемиясы тұсында қалай өмір сүретіндігі туралы пікір алмасуға тура келген. Мәтіннің авторы және иллюстратор Хелен Патрик және қосымша авторлар осы алаңнан жиналған құнды пікірлер, кітаптың сюжеті мен идеялық мазмұны отбасылардағы және әлемнің түпкіріндегі  балалардың арасында байланыстың айырмашылығын анықтауға мүмкіндік беретіндігін айтады.

Әлемнің көптеген тілдеріне аударылған кітапты интернетен, сонымен қатар аудио кітап түрінде оқуға болады.