Әлем • 15 Сәуір, 2020

Әлемде гаджетке тәуелділік 20%-ға артты

630 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Интернетсіз тіршілікті елестете алмайтын қазіргі заманда төтеннен келген коронавирус індеті гаджетке тәуелділікті одан сайын күшейтіп жіберді. Сарапшылар осы жылдың алғашқы тоқсанында әлем бойынша гаджетке жұмсайтын уақыттың 20%-ға артқанын анықтады.

Әлемде гаджетке тәуелділік 20%-ға артты

App Annie сараптамалық компаниясы ресми сайтында коронавирус пандемиясы кезінде ұялы телефонғаарналған уақыт қай мемлекетте қалай өзгергенінжариялады. Мысалы, індетке бәрінен бұрын тап болған Қытайда гаджетпен өткізетін уақыт күніне 5 сағатқа артып, өсу көрсеткіші 30%-ды құраған. Ал бұл көрсеткіш орта есеппен дүние жүзінде 20%-ға көбейген.

Смартфонға көп уақытын жіберетін елдердің қатарында Франция, Германия, Италия, Ұлыбритания және АҚШ мемлекеттері тұр. Италияда наурыз айының өзінде гаджетке тәуелділік 30%-ға өскен. Қалған елдердің де қарқыны күшейіп келеді. Әзірге Францияда – 15%, Германия мен АҚШ-та 10%-дан құрап тұр.

Сонымен қатар сарапшылар тобы мобилді қосымшаларға сұраныстың еселеп артқанын жариялады. 2020 жылдың бірінші тоқсанында IOS және Android қолданушылары 31 млрд-тан асақосымшаларды жүктеген. Бұған 23,3 млрд доллар жұмсалған екен.

Сондай-ақ Google Play-ден 8,3 млрд доллар сомасына 22,5 млрд бағдарлама, ал App Store-дан 15 млрд доллар сомасына 9 млрд қосымша жүктелген. Google Play-денең көп қосымша жүктеген елдер Үндістан мен Бразилия болды. Ал App Store-да қосымша тарту «жарысында» Қытай мен АҚШ көш бастады.

App Annie сарапшылары гаджетке жұмсалатын уақыттың бүкіл әлем бойынша әлі де арта түсетінін алға тартты.