Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Новак Джокович ауруханаға ақша бөлді

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сербияның атақты теннисшісі, әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович пен оның жұбайы Италияның Бергамо қаласында орналасқан ауруханаларға мол көлемде қаражат бөлді.  

Новак Джокович ауруханаға ақша бөлді

Жергілікті денсулық сақтау әкімшілігінің басшысы Петер Ассебургтің айтуынша, бұл қаражат қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, палаталарды кеңейтуге жұмсалмақ. Осындай қиын-қыстау кезеңде қамқорлық танытып, қолдау көрсеткен спортшыға тек қана аурухана қызметкерлері мен пациенттер ғана емес, Бергамоның барлық тұрғындары дән риза.

Естеріңізге сала кетейік, «Үлкен дуылға» турнирлерінде 17 рет жеңімпаз атанып,  АТР додаларында 80 рет дара шыққан Новак Джокович бұған дейін коронавирусқа қарсы күресу мақсатында Сербияның ауруханаларына 1 миллион евро көлемінде қаржылай көмек көрсеткен болатын.