Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Журналистика факультеті «Қазақ радиоларымен» бірлесіп аудиоклип дайындады

183 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының ұжымы мен «Қазақ радиолары» бірлесе отырып коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуын болдырмау үшін қазақ тілінде аудиоклип дайындады.

Журналистика факультеті «Қазақ радиоларымен» бірлесіп аудиоклип дайындады

Бұл қадам пандемиядан қорғау және жалған ақпаратты таратуға қарсы күрес үшін әлемнің барлық радиостанцияларын жұмылдырған ЮНЕСКО бастамасын қолдауға арналады. COVID-19 туралы жалған ақпаратқа қарсы тұру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЮНЕСКО әлемнің түкпір-түкпіріндегі радиостанциялар еркін пайдалана алатын бірқатар аудио хабарламалар сериясын шығарды, деп хабарлайды kaznu.kz.

ЮНЕСКО бұл ресурстарды вируспен бірге сенімді емес ақпараттың зиянды салдарының алдын алу үшін ұсынды. Қысқа аудио хабарламалар індеттің алдын алу шаралары туралы пайдалы ақпарат береді, вирус туралы аңыздарды таратпау,  ынтымақтастықтың маңыздылығын көрсетеді. Бұл хабарламалар тек ағылшын, француз, испан және араб тілдерінде таратылатын болса, қазір олар қазақ тілінде тыңдарманына жол тартты.

Дыбыстық клипті қазақ тіліне ҚазҰУ профессоры Гүлмира Сұлтанбаева аударды. Аудио хабарламалар кез-келген тыңдаушыға қол жетімді. Олар тегін жүктеледі және әлемнің әр түкпіріндегі мемлекеттік, жеке және қоғамдық радиостанциялар эфирге тарата алады. «Қазақ радиосы» - шынайы және объективті ақпарат таратуға шақырады.