Бұл былғары қолғап шебері жайында біз бекер әңгімелеп отырған жоқпыз. Ол Ресейдің туы астында өнер көрсеткенімен Қазақстанның тумасы. Ол 1992 жылдың 12 сәуірінде Қостанайда туып-өсті. 2001 жылы әке-шешесімен бірге шекара асып, Ескі Оскол қаласына қоныс аударды.
64 кило салмақ дәрежесінде күш сынасқан Дунайцев Ресейдің үздік боксшы атанғаннан кейін халықаралық додаларға қатыса бастады. 2015 жылы әлем және Еуропа чемпионы атанса, 2016 жылы Олимпия ойындарында қола медальді мойнына ілді.