Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Атырауда ертеңнен бастап қоғамдық көліктер уақытша тоқтайды

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қаласында ертең, 17 сәуірден бастап қоғамдық көліктердің жұмысы уақытша тоқтатылмақ.

Атырауда ертеңнен бастап қоғамдық көліктер уақытша тоқтайды

– Мемлекеттік мекемелердің, Атырау қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлерін жұмыс орындарына жеткізу мақсатында қала әкімдігі уақытша арнаулы бағытта жүретін 6 маршрут ұйымдастырды, -деп хабарлады Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Арнайы автобустарда «Тасымалдау әкімдіктен» деген жазу болады. Автобустар маршрут нөмірі және барлық белгіленген аялдамалар арқылы өтеді. Қозғалыс интервалі – 20-25 минут. Автобустар таңертеңгі сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін,  кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін жүреді.

Жолаушылар тек жұмыс орнына жеке басын растайтын құжат ұсыну арқылы тасымалданады. Жолаушылар тасымалы – тегін.

 

Жолдасбек Көшербайұлы