Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Көлік транзитіне тыйым салынды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ведомствоаралық комиссияның Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуын және таралуын болдырмау жөніндегі шешіміне сәйкес, шетел азаматтары мен жүк көлік құралдарының басқа елдерден Қазақстан арқылы транзитіне тыйым салынды.

Көлік транзитіне тыйым салынды

«KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік одағы ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда кіруге тыйым салынған ел - Түркіменстан. Қазіргі кезде «Айша бибі» және «Қарасу» авто-өткізу пункттерінде (қазақ-қырғыз шекарасы, Жамбыл облысы) барлық санаттағы адамдар мен көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынған. Бұл талаптар дипломатиялық қызметкерлер мен курьерлік қызмет қызметкерлеріне қолданылмайды.