Қоғам • 16 Сәуір, 2020

Пандемия кезінде интернет байланысына сұраныс артқан

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байланыс саласындағы қызмет көрсету деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 пайызға өскен.

Пандемия кезінде интернет байланысына сұраныс артқан

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметтері бойынша, пайыздық өсім интернет сегментінде байқалып отыр. Ағымдағы жылдың үш айында интернет байланыс қызметтері 36,3% құрап, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда өсім 13,5 пайызды құраған. Оның себебін министрлік елдегі төтенше жағдайлар мен аймақтардағы карантиндік режиммен түсіндіреді.

Дегенмен сапалы интернет барлық пайдаланушыларға қолжетімді емес. Қазіргі кезде ауыл-аймақтарда әртүрлі технологиялар негізіндегі кең жолақты интернет қолжетімді дегенімізбен де, аз тұрғынды ауылдарда интернет мәселесі әлі де көкейкесті болып отыр.