Мемлекеттік комиссия бекіткен тізім бойынша Нұр-Сұлтанда:
- өндірістік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, ірі құрылыс дүкендері;
- көлік, қоймалау саласындағы компаниялар, ауыл шаруашылығымен байланысты қызмет көрсететін компаниялар;
- автосалондар, ТЖО, көлік жуатын орындар, дөңгелек ауыстыру қызметі, автобөлшек дүкендері, химиялық тазалау және кеңсе техникасын жөндейтін орындар;
- екінші деңгейлі банктер 9:00-ден 16:00-ге дейін, ал нотариустар алдын ала жазылу бойынша;
- қоғамдық тамақтану нысандары жеткізіп беру не өзімен алып кету бойынша жұмыс істейді, олардың жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзартылады.
Алматы қаласында:
- өнеркәсіптік кәсіпорындар;
- құрылыс және жол құрылысы саласындағы компаниялар, құрылыс материалдарын сататын ірі көтерме базарлар;
нотариустар алдын ала жазылу бойынша жұмыс істейді; - Бір ХҚКО (Наурызбай ауданы, Шұғыла ш-а, 347/1) тек кәсіпкерлерге қызмет көрсетеді.