Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: Дәулет Тұрлыханов 6 ауданға 80 тонна азық-түлік жіберді

1781 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дәулет Болатұлы туған өлкесіндегі жерлестерін еш ұмытпайды.

Шығыс Қазақстан: Дәулет Тұрлыханов 6 ауданға 80 тонна азық-түлік жіберді

 

 Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін,

Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін, - деп айтқан екен әйгілі Әйтеке би.

Міне, Әйтеке бидің осы ұстанымын берік ұстанған қазақтың даңқты балуаны Дәулет Тұрлыханов сын сағатта жерлестеріне қолдау көрсетіп, облысымыздың 6 ауданына (Абай, Аягөз, Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар) 80 тонна азық-түлік жіберіпті.

д

Автокеруеннің алды кейбір аудандарға жетіп, балуанның жолдаған сәлемдемесі әлеуметтік жағдайы нашар, көп балалы отбасыларға және әлеуметтік осал топтарға таратыла бастады.

дә«15 сәуір күні Көкпектіге Дәулет Тұрлыханов жолдаған гуманитарлық көмек келіп жетті. Ауданға келген гуманитарлық көмекті аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы бастаған жұмыс тобы қарсы алып, өкіліне Дәулет Болатұлына бағытталған халықтың лебізін жеткізіп, Алғыс хат табыстады. Аудан басшысы арнайы құрылған комиссия мүшелеріне Дәулет Болатұлы жолдаған көмек қорын 250 отбасына қажеттіліктеріне сай әділ бөліп беруді міндеттеді» дейді Көкпекті ауданы әкімінің аппарат басшысы Бек Нұғыбаев.

Қазір алты аудан тұрғындарына ұн, қант, күріш, май сияқты ең қажетті азық-түлік өнімдері таратылып жатыр. «Дәулет Болатұлы туған өлкесіндегі жерлестерін еш ұмытпайды. Жаһанды жайлаған індет кезінде, жұмыссыз, әлеуметтік жағдайы күрт төмендеп кеткен жандарға көмек беруді азаматтық парызы санайды» дейді осы игі шараны ұйымдастырушылардың бірі Жандос Ілиясов.

 Шығыс Қазақстан облысы