Руханият • 16 Сәуір, 2020

Жүзбай Жанғалидың онлайн лекция-концерті өтеді

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 17:00-де Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университеті «Домбыра» кафедрасының профессоры Жүзбай Жанғалидың «Қырық буын қосбасар» атты онлайн лекция-концерті өтеді.

Жүзбай Жанғалидың онлайн лекция-концерті өтеді

Жүзбай Жанғалидың онлайн лекция-концертін Қазақ ұлттық өнер университетінің Facebook парақшасынан көре аласыздар.

Жанғали Жүзбай – халықтық күй өнері, оның ішінде дәстүрлі шертпе күй мектептеріне қатысты бірсыпыра педагогикалық және хрестоматиялық жинақтар жазған. Әдістемелік мақсатта жазылған зерттеу мақалалары жарық көрген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Арқа, Қаратау күйлерін насихаттаушы.