Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

Ақмолада жергілікті маңызы бар жолдар жөнделеді

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірде көлік коммуникацияларының тиісті деңгейде болу мәселесі басты назарда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті билікке бұл міндеттерді шешуді тапсырған болатын. 

Ақмолада жергілікті  маңызы бар жолдар жөнделеді

Осыған сәйкес, облыстық маңызы бар 440 шақырым жолды жөндеу және қайта жаңарту жоспарланған. 6 аудан орталығындағы жолдар жөнделеді. Сонымен қатар облыстың барлық өңірінде кентішілік жолдарды жаңарту көзделген. Аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының ұзындығы 5626 шақырымды құрайды. Оның 2661 шақырымы облыстық, 3 мыңға жуық шақырымы аудандық маңыздағы жолдар.

– Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын бюджет есебінен жол жөндеу жұмыстарына қомақты қаражат  қарастырылады. Оның ішінде жол салу, қайта жаңарту және күрделі,  сондай-ақ ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.  Биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеуден өткізуге 24 миллиард теңге бағытталып отыр, – дейді облыстық жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы жетекшісінің орынбасары Владимир Кулаков.  

Облыс орталығында қала ішілік жолдарға жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.   

– Дәл қазір Пушкин көшесінде асфальт-бетон төсеп жатыр. Техника мен жұмыс күші жеткілікті, – дейді учаске шебері Екпін Молдахмет.

Үстіміздегі жылы Балкашино - Шантөбе бағыты мен Жаңа Колутон - Азат - Минск жолдарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ Ақкөл-Журавлевка, Қонысбай - Сейфуллин - Қызылсая елді мекендерінің арасындағы жолдар жаңартылады.    

 

Ақмола облысы