– Облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қаладағы жеке үйлердің бірінің сарайынан жалпы салмағы 180 кило болатын бекіре тұқымдас бағалы балықтың 60 данасын тәркіледі. Сол жерде «Нива» автокөлігінен 10 килодан астам бекіре балығы табылды, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Бағалы бекіре балығын заңсыз саудалаған екі күдікті Атырау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалған. Күдіктілерге қатысты Қылмыстық Кодекстің 339-бабымен (Жануарлардың сирек кездесетін, пайдалануға тиым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Жолдасбек Көшербайұлы