Бұрын көз жауын алардай құлпырған қызғалдақтар әлемін тамашалау үшін дүниежүзінің түпкір-түпкірінен миллиондаған туристер ағылатын. Ал биыл гүлдер патшалығы көрерменсіз қалды. Қызғалдаққа деген сұраныс та күрт төмендеген. Осыған байланысты 140 миллион қызғалдақты жоюға тура келген.
Халықаралық сату ісімен айналысатын менеджер Фред ван Толл жергілікті басылымға берген сұхбатында: «Вирус бізге гүлдердің саудасы қызып жататын кезде келді. Күнделікті табысымыз бірден 50 пайызға қысқарды. Өтпей тұрған гүлдерді тастауға тура келді, амал жоқ» дейді.
Голландияда қызғалдақтар маусымы әдетте наурыз айында басталып, екі айға созылады. Гүлден түсетін пайда шамамен 30 миллион долларды құрайды. Әрине, жергілікті жерде фермерлер шағын базарларда, дүкендерде гүлін сатып, ептеп күн көріп жатыр, ал бірақ гүлдің халықаралық саудасы мүлде жүрмей тұрған көрінеді.
Қымбат ТОҚТАМҰРАТ