Аймақтар • 16 Сәуір, 2020

«Каик» күреске шықты

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкшетау қалалық әкімшілігі мұндай техниканың санаулы ғана екендігін айтып отыр. Қазір олар тестілеуден өткізілуде. Осылайша қазақстандық агро-инновациялық корпорациясы вируспен күресуге үлес қоспақ.

«Каик» күреске шықты

«Каик» кәсіпорнының мамандары құрастырған техника коронавируспен күреске қолданылуда. Қазіргі уақытта қала көшелерін дезинфекциялау жұмысы қызу жүріп жатыр. Қалалық әкімшіліктің ақпараты бойынша әзірге осындай 3 техника жұмылдырылған. Арнайы дезинфекциялау сұйықтығымен толтырылған бір көлік аз уақыттың ішінде бес жүз шаршы метрге дейінгі жол төсесімін дезинфекциялай алады. 

– Уәлиханов пен Горький көшелеріне сағат екіде шықтық. Содан Абылайхан даңғылына дейін дезинфекциялап өттік. Қазір екінші айналымда келе жатырмыз, сағатына 8-10 шақырымдық жылдамдықпен жүріп, 12 шақырымды қамтыдық, – дейді «Тазалық» серіктестігінің көлік жүргізушісі Борис Астафьев.  

Мұндай техника негізінен ауыл шаруашылығына қолданылады. Әлемді жайлаған індетпен күресте бұл агрегаттар қазіргі уақытта таптырмас құралға айналды. «Қазақстандық агро-инновациялық корпорациясы» серіктестігі суарғыш көліктерді бейімдеп жасауда.   

– Біз мұның бәрін танап басында тыңайтқыштар, химикаттар себетін құрылғылар негізінде жасап шығардық. Нәтижесінде пайдалануға жарамды болып шықты, – дейді «Кaik» серіктестігі өндірістік цехының бастығы Қайрат Дүйсембеков.  

Дезинфекцияға пайдаланылатын зат адамдар мен жануарларға қауіпсіз. Ол тек вирустарға ғана әсер етеді. Ал дезинфекция COVID-19 вирусынан қорғанудың ең тиімді жолы.