Бұл туралы Facebook-те хабарлаған «Қазпошта» АҚ Басқарма төрағасы Сәкен Сәрсенов зейнеткерлікке шыққан клиенттеріміздің арасында зейнетақыларын бөлімшеден карантиннан кейін алғысы келетіндер бар екенін жазды.
– Қазпошта республика бойынша шамамен 1 млн зейнеткерге қызмет көрсетеді. Бұл біздің халықтың ең осал бөлігі, тіпті кейбіреулері өз балалары мен туыстарының қолдауына зәру. Қазір біздің бірнеше филиалымыз еріктілердің қатарына қосылып, оларға азық-түлік пен қажетті тауарларды жеткізуге көмектесіп жүр. Сонымен қатар біз әр зейнеткерге телефон соғып, ақшаны үйге алып келу немесе картаға аудару үшін олардың тізімін құрастыруды бастадық. Әр аймақта мыңдаған өтініштерді қабылдайтын және өңдейтін, төлем карталарын рәсімдейтін және цифрлық сауаттылық негіздерін үйрететін қызметкерлерді белгілеп, қажетті жұмыстың бәрін жасап шықтық. Бүгін сәуір айының зейнетақысы толығымен үлестірілді, – деді С.Сәрсенов.
Қазпошта бұрыннан бері 80 жастан асқан қарияларға және шалғайдағы ауылдарда тұратын зейнеткерлерге ақшаларын үйіне дейін жеткізіп келе жатыр.