Әлем • 16 Сәуір, 2020

Жапонияның үкімет басшысы мен министрлері айлық жалақыларының бір бөлігін қазынаға қайтарады

452 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Премьер-минитстрі Синдзо Абэ мен үкімет мүшелері өз табыстарының 20-30 пайызын қазынаға өз еріктерімен қайтарып жатыр,- деп хабарлады ТАСС агенттігі.

Жапонияның үкімет басшысы мен министрлері айлық жалақыларының бір бөлігін қазынаға қайтарады

Бұл туралы бүгін Министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихиде Суга баспасөз мәслихатында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде айтқан. Журналистер бас хатшыдан жаңа типтегі коронавирустың салдарынан экономикалық проблемалар орын алып жатқанда, министрлер өз табыстарымен бөлісуі мүмкін бе деген сұрағанда, ол былай жауап берген: «Премьер-министр өз жалақысы мен сыйақысының 30 пайызын әне-міне бюджетке қайтарғалы отыр. Министрлер кабинеті 20 пайыз табыстарын қайтарады. Мен парламент депутаттары да осы мәселені талқылап жатыр деп естідім»

Жапония Премьер-министрінің айлық жалақысы 30,5 мың доллар. Ал, министрлердің айлығы 22,7 мың доллар. Жалпы, Жапонияда бұндай оқиғалар қалыпты жағдай боп есептеледі. Өз айлық жалақыларының белгілі бір бөлшегін халықтың қамы үшін қазынаға қайтару оларда 2011 жылдан басталған.

Соңғы жаңалықтар