Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Астық алып қашқандар іздестірілуде

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік инспекциясы қызметкерлеріне шабуыл жасағандар іздестірілуде.

Астық алып қашқандар іздестірілуде

Көкшетаудан Қостанайға шығатын айналма жолдың бойында көлік инспекциясының қызметкерлері бидай артқан «Камаз» автокөлігін тоқтатқан. Жүк көлігі Ресейде тіркелген екен. Құжаттарын тексергенде жүргізуші көліктің ғана құжатын ұсынған. Ал, жүк құжатын көрсетуден бас тартқан. Төтенше жағдай кезінде астықты сыртқа шығаруға тыйым салынған.

Инспекция қызметкерлерімен жағаласқан көлік жүргізушісі есебін тауып сытылып үлгеріпті. Кейін белгісіз біреулер қайта-қайта келіп қоқан-лоқы жасаған. Кеше түс шамасында мемлекеттік номері жоқ үш жеңіл көлікке мінген бес-алты адам инспекция қызметкерлеріне шабуыл жасап, автокөліктерінің доңғалақтарын тесіп, «Камаз»-дың құжаттарын тартып алып кеткен.

Әзірге жүк көлігі табылды. Қазір инспекция қызметкерлеріне шабуыл жасағандар іздестірілуде. 

 

Ақмола облысы