Вирус 1990 жылы туған Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген. Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 жылғы және 2007 жылы туған Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ, Кентауда - 5, Ордабасы - 4, Сайрам - 3, Мақтаарал - 4, Арыс - 14, Сарыағаш - 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының - 1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Індет жұқтырғандар оқшауланып, тиісті ем қабылдауда. Олармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы