Бүгін, яғни 17 сәуір күні облыста тағы да үш адамнан аталған індеттің белгілері табылды. Ауырғандардың бірі – алты айлық сәби. Оның ата-анасы «жаман тұмау» жұқтырып, инфекциялық госпиальде жатқан екен. Ал сәбидің өзі провизорлық госпитальде болған.
Екінші науқас та Қарағанды қаласынан. Жасы 41-дегі ер адам бұрын инфекция жұқтырғандармен байланыста болыпты.
Үшінші жұқтырған – Теміртау қаласының 19 жастағы тұрғыны. Ол да бұрын ауырғандармен аралас-құрылас болған екен.
Қарағанды облысы