Елорда • 17 Сәуір, 2020

CTS қызметкерлері тосқауыл бекеттерде жұмыс істеп жатыр

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында City Transportation Systems қызметкерлері полиция және медицина мамандарымен бірге тосқауыл бекеттерде жұмыс істеп жатыр.

CTS қызметкерлері тосқауыл бекеттерде жұмыс істеп жатыр

Көлік бақылау департаменті қызметкерлері 30 наурызға дейін алты тосқауыл бекетінде – Нұр-Сұлтан қаласы және Жібек жолы, Қоянды, Ильинка, Талапкер, Қосшы ауылдары маңында жұмыс істеген. Бүгінде олар Жібек жолы бекетінде сағат 9.00-ден 1.00-ге дейін, Қоянды және Көкшетау бекеттерінде сағат 16.00-ден 1.00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Н

Аталған қызметкерлер өздерінің саласына сәйкес автобус жүргізушілері мен жолаушыларды тексермейді, тек тосқауыл бекеттерінен өтіп жатқан азаматтарға кеңес береді. Олардың жұмыс кестесі ауысымды. Жұмыс уақыты басталар алдында медбикелер барлық қызметкерлердің дене қызуын өлшейді. Бекеттердің өздері арнайы залалсыздандыру құралдарымен жабдықталған.

Н

«Коронавирустың кең таралуына жол бермеу үшін қолға алынған шараларға құқық қорғау органдарымен және әкімдік қызметкерлерімен бірлесіп біздің қызметкерлер де атсалысып жатыр. КБД қызметкерлері әрі-бері өткен адамдардың мекен-жайын, тіркелген жерін, қайдан келе жатқанын және тағы басқа себебін анықтайды. Жолаушылармен қоса жеңіл көлік және жүк тасымалдайтын көліктерді тексереді. Олардың ТЖ кезеңінде жүріп-тұру үшін рұқсат құжаттарының болуын қадағалайды. Барлық қызметкер бетперде, қолғап және антисептикалық құралдармен қамтылды», – дейді Көлік бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерденов.

Й