Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Күніне қашықтан 2 мыңнан аса сот отырысы өтеді

496 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін соттар мобильді құрылғылардың көмегімен сот істерін қашықтан қарап жатыр. Бүгінде күн сайын онлайн форматта өтетін сот отырысының саны 2 мыңнан асты.

Күніне қашықтан 2 мыңнан аса сот отырысы өтеді

Жоғары соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасовтың айтуынша, процестердің көбеюі байланыс арналарына түсетін салмақты арттырды. Соның салдарынан қашықтан сот отырыстарын өткізу барысында TrueConf және «Сот кабинеті» сервистерінде байланыстың жоғалуы, бейненің бұлыңғырлануы, дауыс ырғағының кідіруі сияқты іркілістерді байқалды. Сондықтан ендігі жерде соттарға Whatsapp, Skype және тағы басқа мессенджерлерді пайдалануға мүмкіндік беру туралы шешім қабылданды.

IT-мамандар күнделікті мәселелерді шешуге тырысып жатыр. Осы ретте қашықтан сот отырыстарын өткізудің сапасы жақсаруы үшін азаматтардың дайындығы да пысықталған жөн. Мысалы, гаджеттің 4G технологиясын қолдауы, wi-fi жылдамдығы кемінде 8 мб/с болуы, қашықтан сот отырысына қатысу кезінде сапалы шағын гарнитураны (құлаққаптар және микрофон) пайдалану сияқты жайттар ескерілуі керек.