Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

«Союз МС-15» экипажы жерге оралды

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейлік ғарышкер  Олег Скрипочка мен америкалық астронавтар Джессика Меир және Эндрю Морган Қазақстан жеріне сәтті оралды.

«Союз МС-15» экипажы жерге оралды

Роскосмос хабарламасына сүйенсек, экипаж командирі Олег Скрипочка Роскосмос бас директоры Д.Рогозинге жерге оралу барысына қатысты мәліметтерді штатты режимде хабарлады.

NASA басшысы Джим Брайенштейн «Союз МС-15» ғарыш кемесінің экипажын құттықтаса, өз кезегінде Роскосмостың бас директоры Дмитрий Рогозин де барлық экипаж мүшелерін құттықтауын арнап, Қазақстанға және кемені ғарышқа ұшуға дайындаған мамандарға алғысын білдірді.

«Союз МС-15» экипажы жерге пандемия кезінде оралғандықтан, оларды кеменің қону аймағынан эвакуациялау уақыты инфекцияны болдырмау үшін шектеледі. Медициналық тексеруден кейін ғана ғарышкер мен астронавттар тікұшақпен Байқоңырға жеткізіліп, ғарышкерлер өз елдеріне оралатын болады.