Руханият • 17 Сәуір, 2020

«Құс қанаты» атты онлайн кездесу өтті

973 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

16 сәуір күні Ұлттық академиялық кітапханасы жас ақын Бауыржан Игілікпен «Құс қанаты» атты онлайн кездесу өткізді. Аталған жоба Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен және «Жастар Коворкинг» орталығының ұйымдастырумен өтіп отыр.

«Құс қанаты» атты онлайн кездесу өтті

Онлайн кездесу барысында жас ақын өмірі мен шығармашылығы жайында айта келе, өлеңдерін оқып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді. Қолына гитара алып, ән де айтып берді. Сондай ақ, кітап оқуға қатысты өз пікірін де білдірді.

-         Мен бала кезден кітап оқуды сүйіп өстім. Мемлекет тұлғалардан тұратын болғандықтан кейін, кітапсыз өмір сүру мүмкін емес. Жұмыр жердің бетіндегі жұмыр басты пенде жұмыр жүрегімен, жұмыр басымен рухани дамуы керек.  Сол себептен үздіксіз рухани даму үшін кітап оқуымыз керек. Сан мыңдаған ғасырлар бойы өркениетті жылжытатын адамзат баласы болса, ал адамзат баласын алдыға жылжытатын ол кітап. Кітап дегеніміз не? Ол білімдарлар мен көрегендердің өмірден түйгенін жанымен сезгенін, көзі әбден жеткенін, дүниетанымын сығымдап тұрып жазған еңбегі. Біздің осы уақытқа дейін дамып келе жатқанымыздың бәрі том-том кітаптардың арқасы.

Сондай ақ, жас ақын болашақта оқитын кітаптарды қалай таңдау қажеттігін және оның ойлау жүйесіне әсер ететінін, ерте кезден келе жатқан кітап оқуды әдетке айналдыру керектігін де тілге тиек етті.