«Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 2 адам анықталды. Науқастың бірі - 22 жаста, Батыс Қазақстан облысының тұрғыны, ал екіншісі – Ақтөбе облысының тұрғыны, 23 жаста» деп хабарлады Батыс Қазақстан облысы комиссиясының шұғыл штабы.
Екі науқас та Ресей Федерациясында вахталық әдіспен жұмыс жасайтын азаматпен бірге көрші елден келген. Вахталық жұмысшының ауырғаны шекарадан өткенде белгілі болған еді. Ал бұл азаматтар науқаспен байланыста болған тұлға ретінде карантиндік стационарға оқшауланған болатын. Соңғы диагностикалық зерттеу қорытындысы екеуіне де «COVID-19» диагнозын қойды.
Қазір науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
Сонымен, Батыс Қазақстан облысында коронавирустық жұқпадан 2 адам жазылып шықты, 30 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алып жатыр. Сондай-ақ провизорлық стационарда – 148, карантиндік стационарда – 81, үй жағдайында – 1396 адам оқшуаланып, дәрігер бақылауына алынған.
Батыс Қазақстан