![Әнші Арман Қоңырбаев ТЖ режимін бұзғаны үшін айыппұл төлейді](/media/2020/04/17/200417212019423e.jpg)
«Жүргізілген жедел шаралардың арқасында бұл бар заңға қайшы жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бұл мекеменің есігі айқара ашық болмаған. Ішіне тек сенімді адамдарды кіргізген. Солардың бірі Арман Қоңырбаев өзінің құқықбұзушылық жасағанын мойындады. Бұл дерек бойынша ҚР ӘқбК 476-бабымен 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде мекеменің иесі 28 жастағы Жүсіпов те бар. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Арман Қоңырбаев 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтін болды. Басқалары 5-15 тәулік аралығында қамауға алынады» деді қалалық ПД бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.