Аймақтар • 17 Сәуір, 2020

Түркістан: Жазылып шыққан жетінші науқас жетісайлық

171 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында 17 сәуір күнгі соңғы ақпаратқа сәйкес 7-ші науқастың коронавирус инфекциясынан емделіп шыққаны белгілі болды.

Түркістан: Жазылып шыққан жетінші науқас жетісайлық

Өңірде тұрғындары ең көп індет жұқтырған да осы Жетісай ауданы. Індеттен жазылып шыққандардың да басым бөлігі де осы ауданнан. COVID-19 індетімен ауырған Жетісай ауданы, Байқоныс елді мекенінің 2003 жылы туған тұрғыны 1 сәуір мен 17 сәуір аралығында ем қабылдаған. Соңғы екі талдама қорытындысы бойынша теріс нәтиже көрсетіп, ауруынан айыққан науқас бүгін отбасына оралды.

Жалпы, облыс көлемінде бүгіндікке Жетісай ауданынан – 6, Сайрам ауданынан 1 азаматтың коронавирустан жазылғаны расталды.

 

Түркістан облысы